Ресейге қарасты өңірлердегі халықтың алкогольді қолдануы бойынша рейтинг түзілді. Ресей Федерациясының әрбір азаматы 0-ден 600 балға дейін 6 көрсеткішке жіктелді: алкогольге тәуелділігі, алкогольге қарсы заңнаманың күші, арақ пен сыра сатылымы көлемі, алкоголь салдарынан болатын өлім-жітім және қылмыстық әрекеттер.
Сонымен, рейтинг нәтижесіне сәйкес, Ресей Федерациясы бойынша арақ-шарапты аз қолданатын аймақтарға: Шешенстан, Ингушетия және Дағыстан елдері енді. Ал ең араққор қауымға – Еврей автономиялық республикасы, Ненеч автономды округы және Магадан облысы жатады, деп жазады "Известия".
Басылым бетінде жарық көрген «арақтан ада жиырмалық» тобында Солтүстік Кавказ өңірінің түгелге жуық елдері, сондай-ақ Татарстан мен Башқұртстан да бар.
ummet.kz-ақпарат