Зерттеуші ғалымдар судың құрамындағы ерекше пайдалы сипаттарды анықтады. Мамандар ми жұмысының қызметін 14%-ға арттыру үшін суды көбірек ішу қажет деген ұсыныс айтады.
Зерттеушілер ақыл мүмкіншіліктерін тексеруге арналған күрделі екі сынақтан өткен 34 адамға тәжірибе жүргізді. Бірінші тест таңғы асқа дейін, екіншісі таңғы астан кейін, яғни ас-тамақ пен су пайдаланғаннан соң өткізілді. Тәжірибе негізінде адам ақыл-есінің су ішкеннен кейін белсенді жұмыс істейтіні анықталды.
Ал соңғы зерттеулер әр адам тәулігіне кемінде 1,5 литр су ішу керектігін дәлелдеп отыр.
ummet.kz-ақпарат