Өткен аптаның сенбісінде Голландия мемлекетінің Судандағы елшісі Сюзана Бланкхард Ніл өзенін жүзіп өтті. Аталмыш акция Ніл өзенінде жүзудің қауіптілігінен сақтандыру және әйелдердің қоғамдағы орнын жақсартуға бағытталған көрінеді.
Бүгінде 63-ке келген Сюзана шариғат талаптарына сай тігілген жүзу киімімен Көк Нілді кесіп өткен. Сюзананың соңынан тура сондай жүзу костюмін киген алты голландық және жеті судандық қыз-келіншектер де тәуекелге бел байлаған.
Бұл жайлы Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа аз ғана күннің ішінде 10 000-нан астам қолданушы оң көзқарасын білдірген.