Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр садақа берумен де көрініс табады.
"Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сағитовтың ұйытқы болуымен 2 отбасыға 16 000 теңгеден құранған азық-түлік себеті жеткізілді. Игілікке 1987 жылғы азаматтар демеушілік етіп, жалпы 150 000 теңге қаражат жұмсады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі