Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді. Қасиетті Құран мен сүннет тағылымдарына сүйеніп өмір сүрген мұсылмандар білім мен ғылымды негізге алып, ғаламға шуақ нұрын төкті. Нәтижесінде, ислам дінінің қанаты жеткен өлкелерде ғылым, білім, мәдениет дамып, ғылымның әр саласынан есімі өшпейтіндей танымал ғалым-ғұламалар жетілді.
Құран түскен қасиетті айда жамағатқа Құран курстарын ұйымдастыру мақсатында Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде Рамазан айының бірінші күнінен бастап, таң намазынан соң “Құранға түсу” дәрістері жүргізіліп келеді. Шәкірттерге мешіт ұстазы Бексұлтан Олжасұлы білім беруде.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі