7 жасар бала мешіт құрылысына ақша берді

7 жасар бала мешіт құрылысына ақша берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Техас штаты, Флугервил қалалық мешіті 16 қараша күні белгісіз қарақшылардың шабуылына ұшырап, ғимаратқа айтарлықтай нұқсат келтірілді. Болған жайды журналистерге мешіт өкілі Файсал Наим мәлім еткен уақытта бұл жайында осы қаланың 7 жасар тұрғыны Джек Свонсон да естиді. Сұхбат аяқталысымен балақай мешіт имамы Намиге келіп, бүлінген мешітті қалпына келтіруге өзі жинап жүрген жеке қаржысын ұсынған.

Джектің осы уақытқа дейін жиған 20 долларын мешіт үшін садақа етті. Баланың анасы Лаура мешітке осындай қарақшылық шабуыл жасау адамилыққа жат қылық екенін, әр адамның сенім еркіндігі болуы керектігін айтты.

Имам Файсал Нами мешітке жасалған қастандық Париж терактісінің жалғасуы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол «осындай қылмысты жасаған бірнеше адам 1,6 млрд мұсылман халқының атына, ар-намысына күйе жағатынын, бұндай әрекеттерді америкалықтар жасады деп ешкім айтпайтынын» ашына айтты. «Ал балақайдың 20 доллары біз үшін ерекше сый-құрмет. Орталық үшін де, жеке өзім үшін де. Бұл жерде өмірге пәк жүрекпен қарайтын Джектің ниеті маңызды» дейді имам. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: