Ресейде барлық дін өкілдері Мәскеуде «Ғибадат үйіндегі түн» акциясын өткізу бастамасына бірауыздан қолдау білдірді.
Акция мәскеуліктер мен қала қонақтары бос уақыттарында шіркеулерде, мешіттер мен синагога үйлерінде болып, дін тарихымен, дәстүрімен, ғибадатханалардың ішкі дүниесімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылмақшы.
Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасы Ғылым, білім және мәдениет департаментінің жетекшісі Шәміл Кашаф аталмыш акцияны көктем шыға өткізуді ұсынды. «Бұл бастамаға біз де қолдау білдіреміз. Акцияны Мәскеу орталық мешітінде көктем маусымында, мәселен, сәуір айында, тұрғындардың қыстық киімсіз келуіне ыңғайлы уақытта өткізгенді жөн санаймыз» деді ол.