Тәж-Махалдағы крематорий пештерін алып тастау туралы шешім шығарды

Тәж-Махалдағы крематорий пештерін алып тастау туралы шешім шығарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістан мемлекетінің Жоғарғы Соты әлемнің жеті кереметінің бірі Тәж-Махал кесенесіндегі өліктерді өртеуге арналған крематорий пештерін алып тастау туралы шешім шығарды. Сот төрағасы Уттар-Прадеш штатының басшылығын крематорий пештерін басқа жерге ауыстыруға немесе электр қуатымен жұмыс істейтін пешке алмастыруға міндеттеп отыр. Сот шешімінің орындалуына 15 күн уақыт берілген.

Сот жұмысы жоғары лауазымды сот төрағаларының кесенеге жасаған саяхатынан соң басталып отыр. Өліктерді өртейтін пештен шыққан күл мен түтін тарихи ғимараттың ластануына әкеліп соғуда дейді олар.

Расында да, бір кездері аршыған жұмыртқадай алыстан көз тартқан атақты кесененің соңғы кездері түсі солғын тартып барады. Мамандар бұны Үндістанның ластанған ауасымен байланыстырады. Ел үкіметі кесенеге жақын орналасқан бірнеше зауытты да жауып тастаған еді. Сондай-ақ, ауа тазалығын сақтау мақсатында қи жағуға тыйым салынған болатын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: