Әлемде антиисламдық көзқарастар көтеріліп тұрған уақытта австриялық мұсылмандар исламның шынайы бейнесін халыққа таныту мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алды.
Осы бастаманың бірі Вена көшелерінде қала тұрғындарына арналған тегін Құран кітабын үлестіру шарасына арналды.
Естеріңізде болса, Париж терактісінен соң әлемнің белсенді мұсылман жастары терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптап, бұл қылмыстың ешбірі ислам діні және мұсылман халқымен байланысты еместігін әлеуметтік желілерде хэштег #notinmyname - "менің атымнан емес" акциясы арқылы жариялаған еді.
Осындай кезекті акция әлеуметтік желіде #MuslimApologies хэштегімен пайда болды. Онда мұсылмандар ислам дінін ұстанғандары үшін «кешірім» сұрап, сарказммен жауап қайырған.