Мұсылман елінде отандық роботтың 3-ші буыны пайда болды

Мұсылман елінде отандық роботтың 3-ші буыны пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иран елінде отандық өнім – роботтың 3-ші буыны пайда болды, деп жазады IRIB агенттігі.

Роботты таныстыруға арналған салтанатты шараға Иранның Ғылым және техника саласы бойынша вице-президенті Соурена Саттари қатысты.

"Sorena 3" аталатын "темір адамды" Тегеран университеті мамандары әзірлеген. Жоба жетекшісі Агил Юсеи-фи-Команың айтуынша, "Sorena 3" адамның бет-жүзіндегі ишаратқа, қимыл-қозғалысқа қарап түрлі ақпараттық деректерді талдай алады, нысанды анықтап, сол бағытқа қарай қимыл-әрекет жасау мүмкіндігіне, сондай-ақ адамдармен сөйлесу қабілетіне де «ие».

Айта кету керек, «темір адам» өзінің бұған дейінгі шығарылған буынға қарағанда 10 есе жылдам әрекет етеді. «Соренаны» жасауға 70 адамнан құралған ғалымдар тобы төрт жыл уақытын сарп еткен.

Иранның адам құралыптас "Sorena 1" тұңғыш роботы 2008 жылы шығарылды, ал 2011 жылы "Sorena 2» де пайда болды. 

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: