5 мұсылман мемлекеті әлемнің бай елдері қатарына енді

5 мұсылман мемлекеті әлемнің бай елдері қатарына енді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

24/7 Wall St. Орталығының мамандары әлемдегі ең бай мемлекеттер тізімін жариялап отыр. Аталмыш тізім Бүкіләлемдік банк ұсынған ЖҰӨ (Жалпы Ұлттық Өнім) көрсеткіштерінен сараптау арқылы түзілген.

Зерттеушілер мемлекеттердің кедейлігі мен байлығын анықтау  барысында Жалпы Ұлттық өнім мен ішкі өнім көрсеткіштері, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, сауаттылық деңгей, орташа өмір сүру ұзақтығы, ғаламтормен байланыс, мемлекеттік шығындар, экспорт пен импорт көлемі, т.б. өлшемдер бойынша зерттеу жасаған. Бұдан бөлек,  Transparency International орталығының жемқорлыққа байланысты мәліметтері де есепке алынған.

Тізімге енген мемлекеттер көшін Катар елі бастап тұр. Ал, Кувейт мемлекеті үшінші орында, Бруней әмірлігі бесінші орынды иеленген. БАӘ-нің бұл тізімдегі орны жетінші болса, Сауд Арабиясы 13-орынға тұрақтаған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: