РАМАЗАН РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ АЙЫ

РАМАЗАН РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ АЙЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Рамазан күллі мұсылман асыға күтетін ұлық ай. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде Бақара сүресінің 183-аятында: «Рамазан айы сондай ай, ақ пен қараны ажырататын, адам баласына тура жолды көрсететін Құран түскен ай», - дейді.

         Рамазан айында әр бір мұсылман Алла Тағала бұйырған әмірді орындауға асығады. Қасиетті Құранда: «Сендерден бұрынғыларға ораза парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз», - делінген.

         Сағыттың ұлы Саһл (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынандай  хадисін жеткізеді: «Жәннатта бір есік бар. Ол есік әр-Ройян деп аталады. Қиямет Күнінде тек қана ораза ұстаушылар кіріп және есіктері жабылып ораза ұстаушылардан басқа ешкім кірмейді», - деді. (Рияуат етушілер Бұхари Мүслим, Нәсәии және Тирмизи)

         Қисса: Пайғамбар (оған Алланың салауат мен сәлемі болсын) заманында екі әйел таң сәріден кешке дейін ораза тұтады. Кеш құрым қатты ашығып шөлдеген екі әйел Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ауыз ашуға рұқсат сұрап адам жібертеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі әйелге ыдыс жіберіп былай дейді: «Ішкен жегендеріңді осы ыдысқа құсындар», - дейді. Екі әйелдің бірі жарты ыдыс қан араласқан ет құсады. Екінші әйел де тура солай ыдысты толтыра құсады. Бұл іске адамдар таң қалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл екі әйел Алла Тағаланың адал еткен рызығынан емес, арам еткен нәрсесімен ауыз ашты. Бұл екеуі отырып алып, адамдардың кемшілік тұстарын айтып ғайбаттаған еді. Осы оқиғадан түйеріміз – адам баласы ораза ұстап, бірақ жаман сөздерден немесе ғайбат, өсек айтудан тыйылмаса, оразаның сауабынан мақрұм қалғаны.

         Алла Тағала құдси хадисінде: «Пендемнің әр амалы өзі үшін, ал ораза мен үшін, сыйын өзім беремін», - деген.

Салман Фариси (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте: «Шағбан айының соңғы күні Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге мынадай уағыз айтты: «Уа, адамдар! Сендерге ұлық, берекелі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір түні бар. Алла осы айда ораза тұтуды парыз етті, ал түндерінде намаз оқуды ерікті қылды. Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз орындағандай. Ал осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз орындағандай. Бұл ай – сабырлылық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Өзара жанашырлық айы. Бұл айда мүміннің ырзық-несібесі еселенеді. Кімде-кім осы айда ораза тұтқан бір жанға ауыз ашар жасаса, оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі. Ораза тұтушының сауабынан да ешнәрсе кемітілмейді».

Осы тұста сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Ауызашар жасауға бәріміздің мүмкіндігіміз бола бермейді ғой»,деді. Сонда Алла Елшісі(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)«Оразашының аузын, тіпті, бір түйір құрмамен, не бір жұтым сумен, сүтпен аштырған жанға да сондай сауап жазылады. Бұл айдың басы рахым, ортасы кешірім, ал соңы тозақтан құтылу кезеңі. Кімде-кім осы айда құлына, қызметшісіне жеңілдік жасаса, Алла оның күнәсін кешіріп, тозақтан азат етеді. Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер. Оның екеуі Раббыларыңды разы ететін қасиеттер: шәһәдатты және истиғфарды көп айтып жүріңдер. Енді екеуі өздеріңе аса қажетті қасиет: Раббыларыңнан жұмақты сұраңдар да, тозақтан азат етуін тілеңдер. Кімде-кім ораза тұтқан жанға ауызашарда сусын берсе, Алла оны Қиямет күні менің хауызымнан сусындандырады да, ол жұмаққа кіргенше еш шөлдемейтін болады», – деді. Алла Тағала рамазан айының берекесін баршамызға нәсіп еткей!

 Сағымбаев Бақытбек Бауыржанұлы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық

«Байзақ баба» мешітінің наиб имамы  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active