Интернет кеңістігінде әлем мұсылмандары зорлық-зомбылық терроризміне қарсы наразылық белгісі ретінде «Менің атымнан емес» акциясын іске қосты.
#Notinmyname хэштегі бойынша хабарламаларда белсенді мұсылман жастары террорлық әрекеттердің барлық түріне, сондай-ақ терроризмді ислам дінімен теңестіруге қарсылық танытатын сөздері мен суреттерін жариялауда.
«Жазықсыз адамды өлтіру ешқандай дінмен ақтауға келмейді. ИШИМ лаңкестік ұйымы мұсылмандар болып табылмайды, олар ислам дінінде емес: Олар – адамзаттың жауы» дейді акция белсенділері.