Ресей Мемлекеттік думасының қаржылық нарық жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Дмитрий Савельев ислам елдерінде кең қолданысқа ие сақтандыру жүйесін ел аумағында дамытуға бағытталған заң жобасын әзірледі. Құжат келесі аптада парламентке ұсынылады.
Заң жобасында қоғамдық қатынастағы өзара сақтандырудағы шектеулерді алып тастау ұсынылады. Жоба жетекшілері рұқсат етілген тізімге өмірді сақтандыру, қаржы тәуекелін сақтандыру, қайғылы уақиға мен аурудан сақтандыру, медициналық сақтандыру, сонымен қатар мемлекет тыйым салмайтын өзге де сақтандыру түрлерін енгізді. Құжатта сондай-ақ өзара қатынасу қағидалары бойынша сақтандыру қызметін алғысы келген азаматтарға салынған тыйымның күшін жою ұсынылып отыр. Ал қалыптасқан сақтандыру компанияларының қызметіне ислам дінінде тыйым салынған құмар, өсім-пайыздар кіреді.