Мәскеулік «Локомотив» футбол клубының белді ойыншысы сенегалдық Омар Ньяссе ислам дінін өзінің өмірлік қорғанышы санайтынын мәлім етті. Әр күнін таң намазымен бастайтын спортшы әрдайым өзімен бірге жайнамазын алып жүреді, деп жазады Islamreview.
«Намазға жығылғаныма 10 жыл болды. Бір намазды қаза қылсам, түн ұйқым тыншымайды. Мұсылман атыма кір келтіргім келмейді. Жаттығудан өзге бос уақытымды құлшылықпен өткізгенді қалаймын» дейді Омар.
Шариғатына ұқыпты қарайтын Омар Ньяссенің өмір тіршілігінде де күрделі мәселе атымен жоқ. Ол осы уақытқа дейін темекі немесе алкогольді ішімдікке үйір болып көрмеген екен. Мәскеулік футбол жұлдызы алдағы уақытта әлемнің үздік футболшылар 10-ығына кіруді мақсат тұтады.