ҚМДБ-ның Парижде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдемесі

ҚМДБ-ның Парижде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдемесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Париж қаласында болған террорлық оқиғаны ұйымдастырушылардың әрекетін қатаң айыптаймыз. Қаза болған адамдардың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жарақат алған жандардың жуық арада жазылып кетуін Жаратушыдан тілейміз.

Барша адамзат баласын бейбіт өмір сүруге, түрлі ұлт, дін өкілдерін бірлікке үндейтін Ислам діні жазықсыз адам қанын төгуге қарсы. Қасиетті Құранда: «Жазықсыз бір адамды өлтіру – бүкіл адамды өлтірумен тең», – деп баяндалған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін атын жамылып, озбырлық жасаушылардың, шектен шыққандардың әрекетіне әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің, халықаралық қауымдастықтардың күшін біріктіре отырып, тосқауыл қоюға шақырады.

Алла Тағала елімізді, халқымызды, барша адамзат баласын бүліктен, жамандықтан сақтасын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: