Өз заманында Қазан хандығына билік жүргізіп, мемлекет басқарған алғашқы мұсылман әйелі Сүйімбике ханшайымға Рязан облысы Қасымов қаласында ескерткіш тұрғызылады.
Мұндай ұйғарымға ғалымдар Қасымов қаласында өткен «Сүйімбике – ақылды әйел әрі мемлекет басқарушы» (XVI ғ. Татар мемлекеттіі тарихы) атты жалпыресейлік ғылыми конференция барысында тоқталды.
Тарих тоңын жібіткен бұл бастама Қасымов шаһарын, татар ұлттық өркениетін жаңғыртудың жаңа жолы, деп санайды конференция ұйымдастырушылары. Еске сала кетейік, Қасымов қаласы 1452-1681 жылдар аралығында Қасым хандығының орталығы болған.