Биылғы күзде ашылған Мәскеу орталық мешітімен танысқан бір топ мектеп оқушыларының жиылып намаз оқығаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең танымалдылыққа ие болды.
Интернет кеңістігіне тарап кеткен бейнежазбада мектеп формасындағы ұл-қыздар сыныптас баланың әрекетін қайталап, намаз оқып жатқаны байқалады.
Facebook қолданушысы Әнуар Омаров жеке парақшасында ұжымдық намазды өзінің ұлы Дәуіт өткізгенін хабарлады. Оқушылар мешітпен танысу кезінде бесін намаз уақыты кіріп, Дәуіттің сыныптастары онымен бірге намазға тұрған. Айта кетсек, бұл оқушылардың барлығы да орыс ұлтынан.
Оқушылар намазын сынып жетекшісі телефон камерасына жазып алды. Намаз соңынан мұғалім олардан құлшылықта Құдайдан не тілегенін сұрайды. Жасөспірімдердің бірі «Зор денсаулық», енді бірі «Бақыт» сұрағандықтарын жарыса айтты.