«Пепси» деп сыра сатпақ болды

«Пепси» деп сыра сатпақ болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының Кеден қызметі үлкен көлемде сыра тиелген жүк көліктерін тоқтатты, деп хабарлайды «Al-Arabiya».

«Пепси-кола» қағазы жапсырылған 48 мың шөлмектегі алкогольді ішімдікті ниеті бұзық кәсіпкерлер Біріккен араб әмірлігі арқылы Сауд Арабиясына алып өтпек болған.

Кеден қызметі басшысы әл-Батханың айтуынша, БАӘ мен Корольдік шекарасынан алкогольді және өзге де тыйым салынған тауарларды жасырын алып өту әрекеттерінің алды бұл ғана емес көрінеді. «Алайда, біз қорғансыз, ашық-шашық жатқан ел емеспіз» дейді Кеден басшысы.

Ал Сауд Арабиясы заңында ел аумағында спиртті ішімдік алып өту қатаң жазаланады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: