Сингапурде өтіп жатқан Бүкіләлемдік сәулет фестивалінің қорытындысында 2015-жылдың ең үздік архитектуралық жобалары белгілі болды. Аталмыш фестивальдің «Дін» номинациясы бойынша Доха (Катар) қаласындағы мешіт жеңімпаз деп табылды.
Ерекше үлгіде салынған ғимараттан екі жолақ созылып келіп мұнараға айналып кетеді. Биіктіктері 90 метр болатын қос мұнара құбылаға қарай бағытталған. Мешіт сыйымдылығы 1 800 адамға арналған. Ішінде дәрісханалар мен кітапхана да орналасқан.