- Ораза ұстаушының ішіне әлдебір медициналық құралдарды енгізуде немесе шығаруда;
- Оразаны жүніп болып бастауда. «Жүніп болу» дегеніміз не? Ғұсыл бұзылғанда адам жүніп болады. Ғұсыл қай кезде бұзылады? Жұбайымен төсек қатынасы болғанда, өздігінен шәует шыққанда немесе қыз-келіншектердің етеккірі кезінде және т.б. Жүніп болу – оразаға әсер етпейді, алайда ғұсыл алған жөн;
- Адам өзінің түкірігін жұтқанда;
- Суға құйынғанда құлаққа су кірсе;
- Байқаусызда темекінің түтінін жұтуда;
- Шаң-тозаңның немесе шыбынның тамаққа кіруінен. Жас немесе тер тамшысының ауызға түсуінен ораза бұзылмайды, тек тұзды суды әдейі жұту оразаны бұзады;
- Тістің арасына тұрып қалған бұршақтың көлемінен кіші асты жұтуда;
- Абайсызда құсықты жұтып қою. Жазатайым пайда болған ауыз тола құсық болса да, алайда әдейі құсықты жұту оразаны бұзады;
- Қан талдауы немесе қан алудың кез-келген әдісі;
- Сүрме қолдануда;
- Дене майын пайдаланғанда;
- Салқындау үшін суға түсуде;
- Бас пен ішке жағылған май ішіне енбесе;
- Ұмытып ішіп-жеу немесе төсек қатынасына түсу, бірақ ораза еске түскенде бірден бұл әрекетті тоқтату;
- Түнгі поллюция. Ұйқыда жатқандағы поллюция оразаны бұзбайды;
- Ерлі-зайыптылардың жанасуы немесе сүйісуі, бұл ретте поллюция болмайды. Сондай-ақ, жұбайына жанаспай-ақ, көзбен көріп ынтығудан поллюция болып жатады. Бұл екі жағдайда да ораза бұзылмайды.