«Facebook» әлеуметтік желісінде исламды балағаттап, мұсылмандарға тіл тигізген Швеция азаматы қамауға алынды. Бүгінде оның ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды «Стокгольм» ақпарат көзі.
Швецияның Орбору қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің жеке парақшасына ислам туралы жаман сөздер айтқаны үшін тұтқындалған. Аталмыш азаматтың мұндай қадамға баруына Швеция үкіметінің мұсылмандарға жағдай жасап, көбірек көңіл бөлуі түрткі болған көрінеді.