Австралияның Әділет министрі Майкл Кейнан елдегі христиандарды мешіттерге барып, ислам дінінің мәдениетін үйреніп, дінге деген көзқарастарын дұрыстауға шақырды.
«Ислам – Австралияның бейбіт өмір сүруіне және халықтың арасында татулық орнатуға септігін тигізетін бірден бір дін» деді министр.
Сонымен қатар, министр өткен қазан айының 31-де мұсылмандар елдегі мешіттердің өзге дін өкілдеріне есіктерін айқара ашып, исламмен таныстыруға байланысты жасаған жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Айта кетсек, Австралияда осы шараға байланысты бұдан былай 31 қазан мешіттер күні болып белгіленді.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

