Түрік елінің сот тарихында тұңғыш рет сот отырысын хиджабтағы мұсылман қызы өткізді. Әлеуметтік желілерде Ыстамбұл соттарының бірінде судья қызметін қара мантиядағы мұсылман қызы атқарып отырған фотосуреттер кеңінен таралып кеткен.
Алайда, оның аты-жөні және бұл оның алғашқы сот отырысы ма, ол жайлы еш ақпарат айтылмайды. Тек бір белгілісі, бұл – Түркия тарихындағы хиджабтағы тұңғыш судья. Әрине, бұл оқиғаны «шариғат сотқа да араласты» деп сан-саққа жүгіреткендер де табылған.
Айта кетейік, маусым айындағы Парламент сайлауы қарсаңында соттар мен прокурорлар Жоғарғы кеңесі жұмыс орнында хиджаб киюге қатысты тыйымды алып тастаған болатын.