АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «ХАДИСТАНУ» КУРСЫ АШЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «ХАДИСТАНУ» КУРСЫ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы Орталық мешітінің жанынан жамағат сауатын арттыруға арналған «Хадистану» курсы ашылды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басындағы 2024 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында жамағатқа хадис ілімінің негіздерін түсіндіру мақсатында орталық мешіттер жанынан «Хадистану» курсын ашуды мәлімдеген болатын. Осы орайда Алматы Орталық мешіті жанынан «Хадистану» курсы ашылып, РАНТ мүшесі, осы мешіттің наиб имамы Қуаныш Әбішевтің жетекшілігімен дәрістер басталып кетті. «Хадистану» курсы екі форматта, яғни жалпы жамағатқа арналған уағыз түрінде және мешіт шәкірттеріне арнайы дәріс түрінде де өткізіліп жатыр. Ханафи мәзһабының фиқһ үкімдеріне қатысты хадистерді түсіндіруге бағытталған курсты шәкірттер мен жалпы жамағат ықыласпен қабылдауда. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: