ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЗАМАНАУИ ҰЛТТЫҚ-ДІНИ АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЗАМАНАУИ ҰЛТТЫҚ-ДІНИ АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында қалада салынып жатқан заманауи ұлттық-діни ағарту орталығының құрылыс барысымен танысты.

Жетпіс шәкіртке арналған төрт қабаттан тұратын ғимараттың жалпы аумағы – 3200 шаршы метр. Оқу орталығында Құран жаттау мен діни сауат ашудан бөлек, дүниелік ілімдер де, соның ішінде ел тарихы, Алаш зиялыларының өмір жолы оқытылмақ. Ғимаратта ұстаздарға арналған қызметтік пәтер, дәріс және мәжіліс залы, 100 адамдық асхана мен заманауи фитнес залы бар.

Бас мүфти құрылыс жұмыстарының тез әрі сәтті аяқталуын тілеп, игі іске атсалысып жатқан жамағатқа, жомарт жандарға алғысын білдірді. 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: