Қасиетті Қағба есігі шешендер үшін тағы ашылды

Қасиетті Қағба есігі шешендер үшін тағы ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешен елінен шыққан қажылар тобына қасиетті Қағба есігі тағы ашылды. Қонақтарды қасиетті Қағбаның кілтін сақтаушы Абдурахман Бани Шайба қарсы алып, есік ашқан. Бұл жайында Рамзан Қадыров өзінің Фейсбук парақшасында: «Бұл – барлық мұсылман баласы аңсайтын ұлық сәт, ұлы бақыт», – деп пікір білдіріпті.

Шешен елінен барған жандар қатарында Шешенстан республикасының Қарулы күштері өкілдері мен аймақтық үкімет мүшелері және бірқатар спортшылар болған. Олардың арасында кешенді жекпе-жектен Ресей чемпионы, әмбебап төбелестен әлем чемпионы Абдулкерим Эдилов та бар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: