#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ СЕМИНАРДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ СЕМИНАРДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінде «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» деген тақырыпта аймақтық көшпелі семинар өтті. Семинарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Есет Таласбаев және Байзақ аудандық мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы қатысты.

         Таласбаев Есет семинар барысында: «Ислам – қоғамдық негізге құрылған дін. Дін жекелеген жанға иман байлығы мен жақсы қасиеттер дарытумен қатар, күллі адамзат өмір сүретін қоғамға өркениетті жол көрсетіп, ғылым-білімге, ізгілікке, адамгершілік пен тақуалыққа шақырады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хұжұрат» сүресі, 13-аятында: «Уа, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін, сендерді түрлі ұлттар мен руларға бөлдік. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы», – деп айтқан.

Қасиетті Құранда Алла Тағаланың бұйрықтары көбіне жеке адамға емес, көпшілікке бұйырылған. Мысалы,«Намаз оқыңдар және зекет беріңдер», – деп көпше түрде айтылған. Өйткені көпшілікпен, қоғаммен бірге атқарылған істің сауабы да, берекесі де мол болмақ. Халқымызда: «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан», «Көппен көрген ұлы той», деген нақыл сөздер осы мағынада айтылса керек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Адамдармен араласып, олардың көрсеткен жәбірлеріне сабыр еткен мүмин, адамдармен араласпайтын, олардың көрсеткен жәбірлеріне сабыр сақтамайтын мүминге қарағанда қайырлы», – деп, қандай жағдай болмасын біздерді көпшілік жамағатпен бірге болуға шақырған», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: