#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында Бақытбек Бауыржанұлы: «Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену жолына қадам басады. Сондықтан, діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ. Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында мұсылман елдеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың арасында Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлімдерін үйреніп келіп жатқандар да бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес», - деп сөзін түйіндеді.

Әкімдікте болған кездесуде ауыл тұрғындары аудан наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлына сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: