Жамбыл облысы “Һибатулла Тарази” мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек Мойынқұм ауданына зерделеу жұмыстарын жасау мақсатында арнайы іс-сапармен келді.
Жұмыс бабымен келген наиб имам әуелі, Мойынқұм орталық мешітіне келіп зерделеу жұмыстарын жасады және Аудан әкімі орынбасары Мейірхан Тулеулиевпен кездесіп “Дін мен дәстүр” аясында алдағы уақытта өтетін жұмыстармен кеңесті.
Бас имам Рысбай Еспенбетов жаңадан бой көтерген “Дәрісхана” ғимаратымен таныстырып, өтіліп жатқан Құран және хадис ілімінің жүйесін көрсетті. Құптан намазы алдында наиб имам мешіт жамағатына “Отбасы құндылығы” тақырыбында уағыз насихат жүргізіп, қойылған сұрақтарға тұжырымды түрде жауап берілді.
Ғабит Әлім
Мойынқұм тілшісі