#ШУ: Мешіт жамағаты дастархан басында бас қосты

#ШУ: Мешіт жамағаты дастархан басында бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ислам және дәстүр құндылықтары" жылына орай "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен ауыл тұрғыны Ғани мырза ақиқа құрбанын беріп, жамағат дастархан басында бас қосты. 

Жиынға "Күнту баба", "Кәрібай молда" мешіттерінің имамдары мен жамағаты келіп қатысты. Сонымен қатар бас қосуда өңірге арнайы ат терлетіп келген Шу ауданының кураторы, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек болды. 

Ғалымбек имам бала тәрбиесі турасында насихат айтса, Аят Дыбысұлы қоғамдағы түйіткілді тақырыптар бойынша сөз қозғады. Дастархан басында уағыз тыңдап, бір-бірімен танысқан жамағат, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: