#Шу: Ұмра қажылығы жайлы дәріс оқылды

#Шу: Ұмра қажылығы жайлы дәріс оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласы ”Кәрібай молда” мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен Шу ауданынан ұмра қажылығына ниет еткен мұсылман қауымды жинап, қажылық туралы дәріс жүргізілді.

Имам ұлы сапарға жүрекпен ниет етіп, ол жақтан үлкен рухани байлық жинап қайтудың маңызын түсіндірді. Ер адамдарға ихрам киімін қалай кию керектігін көрсетіп, барлық ұмра қажылығына бара жатқан кісілерге қажылық туралы жазылған кітапшаны сыйға тартты.

Дәріс соңында болашақ ұмра қажыларының сұрақтарына жауап беріп, аман-есен барып, ел жұртқа, отанымызға дұға жасап қайтуға тілегін білдіріп бата жасады.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: