Әзірбайжанда таяуда күшіне енетін жаңа заң жобасы балгерлік түрлерімен айналысушы тұлғалардың қызметіне толықтай тыйым салмақ.
Діни құрылымдар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы Мубариз Гурбанлы осындай мәлімдеме жасап, «Барлық әлемдік діндерде бал ашып, болашақты болжау күнә болып табылады» деді.
Төраға сондай-ақ аталмыш заң күшіне енгеннен кейін осы қызмет түрімен айналысушыларға әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылатынын атап кетті. Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес, ел аумағындағы барлық діни рәсімдер мен шаралар тек қана ресми өкілдердің қатысуымен өткізілуі тиіс.