Малайзия астанасы Куала-Лампурде Ислам банкіндегі жүйенің барлығын шариғи ұстанымға айналдыруға байланысты отырыс өтті.
Отырысқа ислам ғұламалары мен банк саласының білікті мамандары қатысты.
Аталмыш отырыстың басты тақырыбы ретінде әлемдегі, соның ішінде Малайзиядағы ислами қаржыландыру банкіне қарасты барлық жұмыс орындарын Ислам шариғатына сәйкестендіру қарары қабылданды.
Сонымен қатар, бұл саладағы барлық қызметкерлеріне де енді шариғи үкімді терең бойлап білу міндеті жүктелетін болды.
Бұл өз кезегінде Ислам банкі саласын одан әрі өркендеуіне жол ашады, дейді сарапшылар.