Әскери имам пайда болмақ

Әскери имам пайда болмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен бундесверге діни қызметкер тағайындауға қатысты мәлімдеме жасады.

«Біз әскерге имам тағайындау идеясын дұрыс қабылдаймыз. Әзірше әскерге дін қызметкері қаншалықты қажет екенін зерделеу үстіндеміз» дейді министр. Оның айтуынша, қазіргі уақытта құзіретті ведомства тарапынан имам мәселесінің маңыздылығы талқыланып, өзге де жан-жақты жолдары қарастырылуда.

Министр мәлімдемесінен белгілі болғандай, Германия бундесверіндегі мұсылман әскерилер әртүрлі қызметтерге тағайындалған, сол себепті әскер саласына имам бекіту мәселесі де өз ретінде маңызға ие.

Айта кету керек, Германияда әскери қызметке қабылдану кезінде сенім мәселесін ашып айту міндеттелмегендіктен, қазіргі күні бундесвердегі мұсылмандар санын тап басып айту мүмкін болмай отыр. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: