#Тараз: "Қызға қырық үйден тыйым" дөңгелек үстелі өтті

#Тараз: "Қызға қырық үйден тыйым" дөңгелек үстелі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы ежелден-ақ қызды 40 үйден тыйып, тәрбие берген. Қазір қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктер мен қиындықтардың барлығы тәрбиенің төмендегенінен. Ерте жүктілік, балаларын қоқысқа тастау, жетімдердің көбеюі сынды мәселелер кең етек жайғаны жасырын емес. Балғын балалығын ересек өмірге айырбастау ешқашан жақсылық алып келмейтінін жастардың көбі ұмыт қалдырған секілді. Сол себепті қыз тәрбиесінің құндылықтарын жаңғырту мақсатында "Кеңесхан қажы" мешітінде "Әжелер алқасы" мүшелерінің қатысуымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел барысында қыз баласына салынатын тыйым сөздер, «Қазақ қыздарына арналған 100 мақал-мәтел» талданып, талқыға түсті. Қыздар «Бұрынғы замандағы қыз бала тәрбиесі» мен «Қазіргі замандағы қыз бала тәрбиесін» салыстырып, ой түйді. Арулар біраз нәрсенің көзін ашып, ой түйді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева, аталған мешіттің ұстазы Зейнеп Үсенова, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова сөз сөйлеп, қыз тәрбиесінің шариғи мәнін атап өтті.

Әжелер алқасының төрайымы Жәмилә Жұмабаева бастаған ақ жаулықтылар сөйлеу әдебі, киім үлгісі, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау әдебі жайлы мардымды ой айтып, қыздардың көкейіне терең ой салды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: