РАНТ МҮШЕСІ ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

РАНТ МҮШЕСІ ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарына РАНТ мүшесі, Пәтуә бөлімінің бас маманы Елбек Тасболатұлы арнайы іс-сапармен келді. Білікті маман жұмыс күнін Облыстық ардагерлер үйінен бастады. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен бірге Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевпен және Облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркеповпен кездесті. Ақсақалдармен тілдесіп, түйіткілді мәселелерді талқылап, батасын алды.

Жүздесуден соң өңір қарияларымен «Ислам және дәстүр құндылықтары» тақырыбында Жамбыл облыстық аталар мектебінің семинарына қатысты. Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" тақырыбында сөз сөйлесе, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев «Ардагер аталарымыздың қоғамға жасап жатқан ықпалы» турасында тілге тиек етті. Ал РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы «Ислам және дәстүр құндылықтары» турасында баяндама жасады. 

Жиын соңында көпшіліктің сұрақтарына жауаптар беріліп, исламмен сабақтасып кеткен дәстүрлі құндылықтарымыз насихатталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: