Жамбыл ауданы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Ж.Бекназарова шәкірттеріне "Дұға - мүминнің қаруы" атты ашық тәрбие сағатын өткізіп, Құран мен сүннетте орын алған дұғалардың бірнешеуін үйретті.
Дұғаның мұсылманның тұлғалық қалыптасуында, өмірін жоспарлауында маңызды рөл атқаратынын насихаттады. Ашық тәрбие сағатының соңында ашық дастархан жайылып, шәкірттер шәй ішіп, шүйіркелесіп, көңілді тарқасты.


11 Тамыз 2026
26 Сафар 1448

