Америка қаласы өз тарихында тұңғыш рет мұсылмандардың ықпалына өтті. Қалалық кеңесте өткен сайлау нәтижесінде жергілікті биліктегі 6 лауазымды қызметкердің төртеуі ислам дінін ұстанады.
Қалалық кеңестегі 3 орынға жарияланған сайлауда алты үміткер бақ сынасты. Дауыс беру қорытындысында көпшілік дауысқа үш мұсылман ие болған екен. Оның екеуі, Анам Мия мен Әбу Мұса кеңеске қайта сайланып отыр, ал үшіншісі Саад әл-Масмари көпшіліктің қолдауына бірінші рет ие болды. «Хэмтрэмк қаласы тарихқа енді» деп атап өтті қала мэрі Билл Мейер. Қала халқының 24%-ын арабтар құраса, 19%-ы афроамерикалықтар, 15%-ы Бангладештен қоныс аударғандар, 12%-ы поляктар және 6% босниялықтар.