Этникалық азшылық мәселесі жөніндегі заңгерлер мен мамандар Австралия үкіметін елдегі мұсылман қауымдастығын кемсітушіліктен қорғау жолдарын қарастыруға шақырды.
Бұл үндеу мамандар мұсылмандарды заңдық тұрғыдан жеткіліксіз қорғалған деп санаған нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу туралы актінің 40-жылдығына байланысты жарияланды.
Адам құқықтары жөніндегі Австралия комиссиясы нәсілшілдік кемсітушілік туралы заң мұсылман қауымын исламофобтық шабуылдардан тиісінше қорғамайтындығын хабарлады, деп жазады ABC News.
«Көшеде арбада баласын тербеткен әйелдің ар-намысына тиіп, қорлайды, сондай-ақ бір ер азамат мұсылман әйелдің баласы бөленген бесікарбаны теуіп, балағаттаған. Мұндай оқиғалар өте көп» деді мұсылман заңгері Мәриям Вейсзаде.
Әлеуметтанушы профессор Эндрю Якубовичтің пайымдауынша, Австралия үкіметіне мультимәдениет туралы федералды заң қабылдау қажет. «Бізге заң аясында өзінің дінін ұстанушы адамдарды құқықтық тұрғыда қорғайтын мультимәдениет туралы акті керек» деп санайды профессор.