#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылы «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Ғалымжан Киікбаевтың ұйымдастыруымен «қайырымды жұма» акциясы іске асты. Ауыл имамы ауылдағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қыстық киіммен қарайласты.

Сонымен қатар, бірнеше мұқтаж отбасыға азық-түліктей жәрдем көрсетіліп, қайырымдылық жасалды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: