Достоевскийдің жеке Құраны болғанын білесіз бе?

Достоевскийдің жеке Құраны болғанын білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейдің ұлы жазушысы әрі философы Федор Достоевскийдің жеке кітап қорында қасиетті Құран Кәрім болғанын біріміз білсек, біріміз білмейтін болармыз. Достоевский қасиетті Құранның француз тіліндегі аударма нұсқасын сақтап, аяттарды зер салып оқыған. Бұл жайында Достоевский Ресей қоғамдастығының вице-президенті Карен Степанян мәлімдеді.

Оның айтуынша, жазушының жеке кітапханасында Құран Кәрімнің француз тіліндегі нұсқасы бар (Le Koran / Traduction  nouvelle… par M.Ka-simirski. Paris, 1847). Бұл нұсқадан К.Николаев орыс тіліне аударма жасап, ол 1864-65 жж. екі рет баспа бетінен жарық көрді (Коран Магомета\ Переведенный с арабского на французский переводчиком французского посольства в Персии Казимирским. С примечаниями и жизнеописанием Магомета).

Ал мұсылман бейнесі ұлы жазушының шығармашылығынан аз көрініс таппаған. «Записок из Мертвого дома» шығармасында дағыстандық татар Әлей туралы естелік қалдырса, осы кітапта лезгиндер жайында да сыр шертеді, сондай-ақ тақуалықты ұстанған, үнемі құлшылық үстінде жүретін Нұри туралы да айтып өткен.  Федор Достоевский Әлейді «Құдайдың өзі сыйлаған пенде» деп суреттеген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: