#Т.РЫСҚҰЛОВ: МИҒРАЖ ТҮНІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: МИҒРАЖ ТҮНІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуаныш Түзелбеков Миғраж түнінде жамағатқа уағыз айтты.

Исра және Миғраж түні ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра (яғни түнгі сапар) жасады. Одан миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгілерін көріп, бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. Бұл оқиға ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына һижрет етуінен он сегіз ай бұрын болды. Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра»  сүресі, 1-аятында: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрак еткен Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әртүрлі кемшіліктен пәк. Күмәнсіз, Ол естуші, білуші», – деп айтқан.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: