#Шу: "Жәми" мешітінде Құран дәрістері жүргізілуде

#Шу: "Жәми" мешітінде Құран дәрістері жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық "Жәми" мешітінде Құран оқу, намаз үйрету дәрістері тұрақты түрде жүргізілуде. Курста бас имам Алмас Кенжемолдаев пен мешіт ұстаздары өткізуде. 

Курсқа қатысушылар арасында жас шектеулігі көрсетілмеген. Құран әліппесі, ғибадат, сенім, пайғамдарлар тарихы бойынша дәрістер беріліп, мешітке намаз оқып үйренуге келген жамағатқа да бөлек намаз сабақтары үйретілуде. 

Мұндай дәрістер сонымен қатар "Жиембет" мешітінде Шүкірәлі Бердібековтың жүргізуімен тоқтамай тұрақты түрде жүргізіліп келеді. "Кәрібай молда" мешітінде де “Құранға түсу” дәрістері жалғасуда, дәрістер аптасына 3 рет Бексұлтан Олжасұлы ұстаздың жүргізуімен тұрақты түрде өткізіліп жатыр.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: