2015 жылдың ислам экономикасында маңызды рөлге ие болған Salam Mobile командасы марап тізіміне ілікті.
Islamica 500 - ислам экономикасы мен халал өндірісін дамытуға белсенді атсалысатын әлемнің ерекше пайым-пікір иелерін, жетекшілер мен кәсіпкерлерін, білікті мамандарды анықтайтын эксклюзивті жоба.
Islamica 500 тәуелсіз ақпарат көздерінің бірі әрі бірегейі саналады. Ислам экономикасындағы әлемдік тұлғаларға арналған бұл басылым Forbes секілді ірі медиа орталықтармен әріптестік қатынас орнатқан.
Ал Salam Mobile мобильді қосымшасы ислам дінін ұстанушы барша мұсылмандарға мынадай қызметтерді ұсынады: өзекті де қызықты жаңалықтар, халал асхана және өзге де пайдалы орындар навигаторы, намаз кестесі, Құбыла бағыты, т.б. маңызды мәліметтер. Salam Mobile қызметін Google Play және App Store қосымшалары арқылы жүктеуге болады.