Көз жанарынан айырылған Әділ Алтынкайе тағдырдың жазғанына сағы сынбай, жиырма жылдан бері Брайля шрфитіндегі зағиптерге арналған Құран Кітаптарын басып, шығарып келеді, деп жазады Daily Sabah.
Anadolu Agency ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Алтынкайе университетті бітіргесін зағип жандарға көмектесуге бел байлағанын айтты. «Мен Сауд Арабиясында Брайля шрифтімен Құран басылатынын естідім де осы үлгіде кітап басуды мақсат еттім» дейді ол.
1990 жылы Анталияға келген Әділ Алтынкайе өрнек басуға арналған станок алып, Құран Кәрім кітаптары баспаханасын ашады.
Бүгінгі күні Әділ ашқан баспадан 3 мыңға жуық кітап басылған. Әділ Алтынкайе жылына бірнеше ай Стамбулда болып, зағиптерге арналған Құран кітаптары және діни әдебиеттерді шығарумен айналысады.
Оның айтуынша, брайля шрифтімен басылатын Құранның бір парағына 26 қатардан яки 40-42 әріптен артық таңба сыймайды, сол себептен кітаптың жалпы көлемі 800 бетті құрайды. Ал оны толық басып шығаруға 1 сағат уақыт кетеді екен.
Газиантеледе зағиптер мектебін оқыған Алтынкайе 1980 жылы Анкарадағы Хаджеттел университетінің лингвистика факультетіне түсіп, оқуды ойдағыдай аяқтаған.