Үстіміздегі жылдың 29 қазаны мен 7 қарашасы аралығында Мәскеу Ислам институты мен Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия мен Африка елдері бойынша институтының ұйымдастыруымен және Ресей мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Мәскеу қаласында өткен "Мұсылман жастары арасында төзімділікті қалыптастыру" атты діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.
Аталмыш курсқа ТМД және Балтық бойы елдерінің 159 діни қызметкері, оның ішінде біздің елден 10 имам-ұзтаз қатысып, куәлік алды.