ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНАН ТУРНИР ӨТТІ

ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНАН ТУРНИР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттер арасында ұлттық спорт ойындарынан «Ислам және дәстүр құндылығы» атауымен турнир өтті.

Халық қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған турнир Астана мешіттерінен 10 команда қатысып, ұлттық спорт түрлері бойынша күш жарыстырды.

Атап айтқанда, командалар асық ату, арқан тартыс, қол күрес, садақ, гір көтеру секілді бес спорт түрінен сайысқа түсті. Жалпы командалық ұпай бойынша турнирдің бас жүлдесін «Әл-Фараби» мешітінің «Насыр» командасы иеленді. Жүлделі ІІ орынға «Ғылмани» мешітінің «Қарашаңырақ» командасы қол жеткізсе, «Әр-Рахман» және «Раиса ана» мешітінің дін қызметкерлерінен құралған «Алаш» командасы ІІІ орынға көтерілді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйытқы болуымен өткен тартыстың туринидің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар мен арнайы кубоктар табыс етілді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: