#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ БАЗАРБАЙ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ БАЗАРБАЙ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Жүрек дерттері» тақырыбында насихат айтты. Бақытбек Бауыржанұлы өз сөзінде: «Әрбір істі басқаратын орталық бар. Сол секілді адам баласының сана-сезімін басқаратын орталығы болады. Оны жүрек деп атаймыз.

Жүрекке – иман, ар-ұят, мейірімділік ұяласа, адам баласының бойында имандылық, көркем мінез-құлық көрініс табады. Ал жүрекке күпірлік, қатыгездік мекен етсе, адам бойында имансыздық, ұятсыздық сынды теріс әрекеттер пайда болады. Сондықтан жүрек – жақсылық пен жамандықтың бұлағы. Қасиетті Құран Кәрімде жүрек жайлы 132 жерде айтылады. Бұл біздерге жүректің маңыздылығын аңғартады. Сол үшін Жаратқан Алла Тағала адам баласының иманды яки имансыз болуының, таза яки күнәһар болуының басты себебін адам баласының жүрегіне байланысты екендігіне назар аудартады», - деді.

Келелі кездесу соңында мешітке келуші жамағат наиб имамға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: