Жамбыл облысы, Байзақ аудандық мешітінің жамағаты спортзалда тұрғындар арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында және дін мен дәстүрді насихаттау бағытында волейбол ойнады.
Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру әрі салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту, – деді жамағат ойынына қатысқан бас имам Қанат Әділханұлы.